Іс-шаралар » Страница 22 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ-ны қолдану "
09
ақпан
2023
"Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ-ны қолдану "
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гитмназиясының информатика пәні мұғалімдері М.Кобжасарова , Г.Смайлова, Н.Тілеуқабылова "Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ-ны қолдану" атты тақырыбында  семинар өтті. Семинардың мақсаты: озық педагогикалық тәжірибе негізінде сабақ жоспарына АКТ қолдану әдістерін енгізу, сабақта АКТ – ны пайдаланудың тиімді жолдарын меңгере отырып, тиімді ақпарат алудағы  кәсіби шеберліктерді дамыту.
"Кибербуллингке қарсымыз"
09
ақпан
2023
"Кибербуллингке қарсымыз"
"Психологиялық кеңес беру айлығы" аясында ақпан айының 9-шы жұлдызында 7-сынып оқушылары  арасында кибербуллинг туралы мәлімет беру, кибербуллингке тап болу белгілері және оның салдары, алдын-алу мақсатында "Кибербуллингке қарсымыз"  тақырыбында  педагог-психолог А.Момынованың ұйымдастыруымен психологиялық тренингтер жүргізілді.
"Жырлайды жүрек"
08
ақпан
2023
"Жырлайды жүрек"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мұқағали Мақатавтың 92 жылдық  мерей тойына орай "Жырлайды жүрек" атты мәнерлеп оқу 5-10 сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты:Ақиық ақын,артына айрықша өшпейтін із қалдырған. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы  оқырмандарды әсемдікке,елжандылыққа тәрбиелей отырып,поэзия әлемінің сырын ашу.Ғасырлар тоғысында  Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату,өнерге
«Ауған-сөнген шақ, өшкен арман, тек сенен, есте қалған»
08
ақпан
2023
«Ауған-сөнген шақ, өшкен арман, тек сенен, есте қалған»
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында ақпан айының 8-ші жұлдызында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Абуова,педагог-ұйымдастырушы Г .Солкебаева, мектеп-тәлімгері Б. Исаевтың ұйымдастыруымен «Ауған-сөнген шақ,өшкен арман,тек сенен,есте қалған» атты тақырыпта  ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтілді. Мақсаты : оқушылардың патриоттық сезімін ояту және батылдыққа ерік-жігері мықты болуға тәрбиелеу. Оқушылармен кездесуге, Ауған  соғысының ардагері Сыздықбаев Марат  Тишбайұлы, Чушбеков Алым
"Әнші балапан"
08
ақпан
2023
"Әнші балапан"
Үшінші сыныптар арасында  "Әнші балапан" байқауы  өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Ұйымдастырушы : Оразбаева Меруерт.
"Бояулар құпиясы"
08
ақпан
2023
"Бояулар құпиясы"
3-сыныптар арасында  "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауы өтті. Мақсаты: жас білім алушылардың көркем мәдениетін дамыту, қызығушылығын арттыру. Жас суретшілер байқауға белсене атсалысып , көркем өнер білімінің сапасын нығайтты. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жетекшісі: Дулатова Гулдария 
"Білімділер бәйгесі"
08
ақпан
2023
"Білімділер бәйгесі"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының, бастауыш сынып мұғалімі А.Марқабай  8 ақпан күні. 2 сыныптар арасында "Білімділер бәйгесі" атты сайыс өтті. Сайысқа 2"А", 2 ""Ә", 2" Б", 2"В" сынып оқушылары қатысты. Сайыстың мақсаты: оқушыларды  топта бірлесе жұмыс істеуге үйрету,   ой-өрісін,  қызығушылығын дамыту,  ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.  Сайыстың соңында "Дарындылар  тобы" ІІІ орынмен,  "Тапқырлар тобы" ІІ орынмен, "Ойшылдар тобы" І орынмен марапатталды.
"Балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларды жою жөніндегі түзету жұмыстары"
07
ақпан
2023
"Балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу және
Ақпан айының 7 жұлдызында 9-11 сынып оқушыларына директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Шотбасовтың ұйымдастыруымен "Балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларды жою жөніндегі түзету жұмыстары" тақырыбында мектеп-гимназия директоры К.Сарсекова коучинг өтті.Коучингтің мақсаты: жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелейтін себептерін анықтау.Міндеті: жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасағаны үшін заң алдында жауапкершілігін түсіндіру.
"Сенің болашағың сенің қолыңда"
06
ақпан
2023
"Сенің болашағың сенің қолыңда"
"Психологиялық кеңес беру айлығы" аясында ақпан айының 6-шы жұлдызында 7-8 сынып қыздары арасында жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау  мақсатында "Сенің болашағың сенің қолыңда"  тақырыбында тәрбие орынбасары Л.Абуова түсіндіру жұмыстарын жүргізді және педагог-психолог А.Момынова  психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
"Әлемнің ғажайып қос тірегі"
06
ақпан
2023
"Әлемнің ғажайып қос тірегі"
6 ақпан күні  "Әлемнің ғажайып қос тірегі" атты  математика және информатика пәндер бірлестігі айлығының   ашылуы болды. Ашылу барысында, оқушыларға арналған түрлі ойындар ойнатылып,  караокемен математика және информатикаға арналған әндер шырқалды. "Кім жүйрік" ойыны  ойнатылды. Ойнның мақсаты, тез есептеу арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту, есептеуге деген қызығушылығын арттыру. Ойын барысында әр түрлі жастағы балалар бақтарын сынап көрді, мәреге бірінші болып жеткен 8 сынып оқушысы