27
қаңтар
2022
"Ертегілер еліне саяхат"
Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты, балалар мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі демекші 2022 жыл "Балалар жылы" қарсаңында, қаңтар айының 27 жұлдызында мектебіміздің кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегілер еліне саяхат" атты 15 минуттық үзілісте кітап оқу сағаты 3"Б" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты:
-ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
-ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
-ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
-қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу.
Ертегі-әрқашанда да біздің оқырмандарымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып дүние. Ертегі- баланың толық дамуы үшін қолжетімді құралдардың бірі болып табылады.