08
маусым
2021
"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"
"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"атты Ұлттық ақпараттық науқаны аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының мобильді тобының ұйымдастыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілді. Осы мақсатта рейд жұмыстары Жаңатас қаласындағы мөлтек аудандарда, компьютер клубтарында, бейберекет жүрген оқушыларды анықтау және сауда орталықтарына, саябақтарға жүргізілді. Рейдтік шара кезінде заңды тұлғасыз түнгі 23.00-ден кейін жүрген жасөспірімдер кездеспеді.


