14
сәуір
2021
"Құстар біздің досымыз"
Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады. Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Міне, осылайша құстардың келтіретін пайдасы көп екенін түсіндіру, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу мақсатында "Құстар біздің досымыз" тақырыбында сурет байқауы, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды. Еңбек пәні мұғалімі Е.Дулығаев пен 6 сынып оқушылары бірігіп құс ұясын жасап, мектеп ауласына ілді.




