«Ауған асуында от кешкендер»
Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясы 2018-2019 оқу жылы ақпан айының
5-14 жұлдызында өткен Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шара жоспарының қорытынды анықтамасы
2019 жылдың ақпан айының 5 - 15 күндері аралығында Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шара жоспары құрылды. «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
7-8 сыныптар арасында дене шынықтыру пән мұғалімі Ш.Амангелдінің жетекшілігімен «Жас баскетболшылар» жарысы өткізілді.
Ал 12 ақпан күні мектеп оқушыларымен ауданымыздағы Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, біраз сұхбаттасты. Өте әсерлі кездесу болды.
Ал 8-9 сынып оқушылары «Біз соғысқа қарсымыз», «Біз бейбітшілікті қолдаймыз» тақырыбында эссе жазды.








