Сарысу саңлақтары » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ақпан
2019

Сарысу саңлақтары

14.02.19

Музыка пәні мұғалімі Қоңырбекова  Ж.

«Өлкетану» кіріктірілген курсы бойынша танымдық, саяхат сабақ. 

Сабақтың тақырыбы : «Сарысу саңлақтары»


Мақсаты:  Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.

Туған жердің төл перзенті – А.Әшімовтың өмірі, еңбек жолын үлгі ете отырып, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардан үлгі алуға тәрбиелеу. Туған жерімізден шыққан өнер адамдарын дәріптеу


 
І.Ұйымдастыру бөлімі.Балалар біздің Сарысу жерінен шыққан өнер адамдарымен танысқыларың келе ма ? Асанәлі Әшімов деген ат таныс па ?

А. Әшімов туралы жетігірек білгілерің келе ма ?

Олай болса барлығымыз тәртіп сақтап, ұйымдасқан түрде  сүйікті қаламыздағы Мәдениет үйіне барып саяхат жасайық

Мұғалім балаларға Сарысу жерінен шыққан өнер адамдарымен таныстырады. Соның ішінде Асанәлі Әшімовке жеке тоқталып баяндайды

Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы8 мамырдаЖамбыл облысыСарысу ауданыЖайылмада туған – кеңестік және қазақстандық кино және театр актерікино және театр режиссерітеатр педагогыпрофессор.

Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). 


Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: - Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым. 

Жасыратыны жоқ бала күнімде асықтың майын «іштік». Жілік майы татыған қой сақасымен жеті қадамнан шіреніп атқанда, қаздай тізілген «құлжалар» баудай түсетін. Сол мергендік әлі бар. Аңшы емеспін, бірақ атқаным қате кетпейді. Ал

 «ләңгі» теппеген бала кемде кем. Екі жағыңмен алма-кезек «люра» жасау, ойынды бір кезекте аяқтау нағыз намысыңды оятып, жігеріңді жанитын.

Ал енді А.Әшімов туралы деректі фильм көрейік ;


Кино көрместен бұрын балалар Асанәлі Әшімов атамыз сомдаған қандай киноларды білесіңдер ? 

Қай образы ұнады ?


Олай болса қалған әңгімені атамыздың өз аузынан естиік.


Қорытынды : Әр елдің, әр адамның өзінің бетке тұтар, мақтаныш етер, елі ерекше бағалайтын тарихи тұлғалары болады. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.
 










 












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив