24
қаңтар
2023
Шайхистамов Тастанбек Асқарбекұлымен кездесу.

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 24 қаңтар күні Шайхистамов Тастанбек Асқарбекұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: жас ұрпақты спортқа баулу.
Кездесуге қатысқан 8 "А,Г" сыныптар. Кездесуді ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімі Серкулова Н.
Шайхистамов Тастанбек Асқарбекұлы Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Чиназ ауданы, Веревский ауылында 1953 жылы 9 қарашада дүниеге келген.1960-1961 жылдары Қызылкөл елді мекеніндегі бастауыш мектебіне барады. 1967-1968 жылдары М.Әуезов атындағы сегіз жылдық мектепті, 1968-1970 жылдары Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепті бітіреді. 1971-1975 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетінің математика бөлімін тәмамдады.
1975 жылдың тамыз айынан 1981 жылдың қаңтар айына дейін М.Әуезов атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, интернат тәрбиешісі, интернат меңгерушісі болып жұмыс атқарады. 1981 жылы қаңтар айында отбасы жағдайына байланысты Жаңатас қаласына қоныс аударды. 1981-1993 жыл аралығында Жаңатас қаласындағы орталық базарда сатушы, бақылаушы, базар директоры болып жұмыс атқарды. 1993-2002 жыл арасында жеке кәсіппен айналысты. 2002-2017 жылдары спорт мектебінде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары және қол күресінен жаттықтырушы болды. Тәрбиелеген шәкірттері арасынан 2009-2017 жылдар аралығында қол күрестен бір спорт шебері, алты спорт шеберлігіне кандидат, гір тасын көтеруден 14 спорт шеберлігіне кандидат атағын алды. Топ жарған шәкірттері 2012 жылы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында жастар арасында оң және сол қол күресінен күміс жүлдегер. 2015 жылы Тараз қаласында өткен жасөспірімдер арасында Азия кубогінің жеңімпазы. 2016 жылы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында ересектер арасында оң және сол қол жеңімпазы. 2017 жылы Тараз қаласында өткен Азия кубогында жастар арасында қола жүлдегер және мүмкіндігі шектеулі ересектер арасында қола жүлдегері атанды. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы қол күресінен спорт шеберлігіне кандидат, жоғары санатты жаттықтырушы, спорт ардагері. Сонымен қатар, 2013 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде Тастанбек Шайхистамовтың өз атынан жеке ұйымдастыратын облыстық жарыс өткізіліп тұрады.1978 жылдың сәуір айынан жұбайы Баян екеуі бес қыз өсіріп, бүгінде 12 немеренің қызығын көріп отыр.Қыздары Алматыдағы ҚазБСҚА түлектері:Айгерім Тастанбекқызы «Нұрсапа Бетон» ЖШС-нің инженер-технологы, Жадыра Тастанбекқызы «КазНИПИЭнергопром» АҚ жетекші инженері, Нұрғалия Тастанбекқызы «Конкрит» ЖШС өндірістік-техникалық бөлім бастығы, Роза Тастанбекқызы бухгалтер-экономист, Мақпал Тастанбекқызы «KAZGOR»ЖА» ЖШС конструкторлық бөлімінің меңгерушісі.Бүгінгі таңда Жаңатас қаласы Ш.Уәлиханов атындағы мөлтек көшесі, №2 үйде тұрады. Тел: 8775 779 38 61