Ақпарат » Страница 38 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай  тест сауалнама
19
ақпан
2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай тест сауалнама
Мұ қағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай мұғалімдер мен оқушылардан тест сауалнамасы алынды
Білім алушыларға деструктивті діни уағыз-насихаттарды талдап-таразылау
15
ақпан
2021
Білім алушыларға деструктивті діни уағыз-насихаттарды талдап-таразылау
Мақсаты : Білім алушыларға деструктивті діни уағыз-насихаттарды талдап-таразылау  бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 5-11-сынып білім алушыларына whatsapp  желісі арқылы және офлайн түрде 9-11 сынып оқушыларына деструктивті діни уағыз-насихаттарды талдап-таразылау  бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға видео-роликтер көрсетіліп, рұқсат етілмеген діни сайттарға тіркелмеуді, парақшаларын ашып, қызықтап қарамау керектігі ескертілді.
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
09
ақпан
2021
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбындағы "Адалдық сағаты"
Жыр жүйрігі Мұқағали
03
ақпан
2021
Жыр жүйрігі Мұқағали
03 ақпан 2021 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Б.Сапеева мен кітапханашы М. Дулыбаеваның ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Жыр жүйрігі Мұқағали" атты 4-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын дәріптей отырып, жас ұрпақты патриоттық сезімге баулу.
Марапаттау
03
ақпан
2021
Марапаттау
23-27 қараша 2020 жылда  Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жоба байқауында мектебіміздің   10 "А"сынып оқушысы Сағынбеков Рахат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жоба жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Ильяс Арайлым.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында әзірленген аудиороликтер
01
ақпан
2021
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында  мемлекеттік және орыс тілінде Агенттік тарапынан әзірленген аудиороликтер. ​https://drive.google.com/drive/folders/1-G-AFu3OHAfOLeWItVZtmg2HxtDZ58R5?usp=sharing​​​
Профилактикалық түсіндірме жұмыстары
20
қаңтар
2021
Профилактикалық түсіндірме жұмыстары
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 9,11-сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында  құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасында жол көлік оқиғаларының  алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты М.Дәулен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Сулейменова мен Л.Абуова профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.