Хабарландыру!Бос орында тұрған лауазымдық жұмыстар
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі ) 1 параграфы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі) негізінде конкурс жариялайды.
Бос орында тұрған лауазымдық жұмыстар:
1.Әлеуметтік педагог- 1 ставка(уақытша).
Конкурс төмендегі мекен -жай бойынша өтіледі:
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
3 шағын аудан 36 құрылыс
Электронды мекен- жай: auezov.zhanatas@mail.kz
Байланыс номері: 8(72634) 6-26-32
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығы негізінде педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі
Лауазымдық міндеттері:
жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
85. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, физиология, гигиена;
тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
86. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
87. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;
оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;
шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;
озық тәжірибені енгізу;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
4) "педагог-шебер":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі : Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе
педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің,
педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).