Жазғы мектеп
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясында «Жазғы мектеп» жобасын ұйымдастыру барысында бастауыш сынып мұғалімдері Д.Жакупова , М.Оразбаева , Н.Төлетаева , А.Майшина математикадан көбейту мен бөлуге арналған тапсырмалар орындауда ( пазл құрастыру барысында) , қазақ тілінен сөйлем мүшелеріне байланысты тапсырмалар орындау, таза ауада кітап оқып , топтық талқылау , түсіну , салыстыру,талдау жұмыстары бойынша сабақтар өткізді . Сондай – ақ , география пәнінен саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесіне баға беру мақсатында «Саяхатшылар мен зерттеушілер » тақырыбында пән мұғалімі Б.Дәндібаеваның ,биология пәнінен мектеп ауласының экожүйесін зерттеу бойынша пән мұғалімі А.Кузтаеваның , ағылшын тілінен Н.Малхарованың «Natural disasters» тақырыбындағы, дене шынықтыру пәнінен қозғалмалы ойын спорт түрлерін ұйымдастыруда пән мұғалімдері Т.Аққояшев , Б.Ахметовтердің сабақтары қызықты да ,сәтті өтуде.






