Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде балаларды еңбекке, ұйымшылдыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында ерікті түрде әр ата-ана өз баласымен бірлесе отырып, мектеп ауласына "Біз біргеміз" атты сенбілік акциясына шықты. Осы аталған іс-шара әр сенбі сайын жалғасын табуда. Сенбілікке шыққан сынып, ата-аналар санитарлық - эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар талаптары ескеріліп, тал отырғызу, аула сыпыру, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізуде.