Біртұтас тәрбие. «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні»
Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктерін кеңейту мақсатында "Мамандық күніне" орай "Мамандық таңдау-басты бағдарым" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Мектеп оқушылары әртүрлі мамандық иесі үлгісінде киініп келді.Жүргізушілеріміз 10 "Ә" сынып оқушысы Марат Торғын мен 9 "Ә" сынып оқушысы Өтеубай Кәусар келген қонақтарымызға мамандықтарына байланысты сұхбат жүргізді.Кездесуге келген қонақтар: ТЖМ жағдайлар бөлімінің басшысы Тонабаев Жақсылық, Спорт бөлімінің басшысы Ниязов Серік, Полиция подполковник Шымалбетов Әбдіманат, Аудан орталық аурухана зейнеткері Бегиев Сағымбек, Жастар ресурстық орталығының директоры Пірімбек Мадина оқушыларға ізгі тіліектерін білдіріп,11-сынып оқушыларына ҰБТ-да жоғары балл иегері атануға , қалаған маман иесі болуына үлестерін қосты.