27
тамыз
2024
«Оқуға құштар мектеп»
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасына 2024-2025 оқу жылына 3-сынып оқушыларына «Etandau.gov.kz» сандық ақпараттық жүйемен русский язык, ағылшын тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, цифрлық сауаттылық, 5,6,7,8,9-сыныптарға «Жаһандық құзіреттер», 7-сыныптарға қазақ тілі, 8-сыныптарға дүниежүзі тарихы, 9-сыныптарға Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы оқулықтары жаңадан келді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап қорын толықтыру мақсатында «Bookfund.kz» ақпараттық жүйемен көптеген көркем әдебиеттер келді. Қазақ жазушыларының, шетел әдебиеттерінің аудармалары, әртүрлі сала бойынша қызығушылық тудыратын, пайдалы кеңестер беретін кітаптармен толықтырылды.
Сіздерді кітап оқуға шақырамыз!