"БЕСТЕРЕК" жобасы бойынша атқарылған жұмыстар » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
мамыр
2024

"БЕСТЕРЕК" жобасы бойынша атқарылған жұмыстар

«Бестерек» ғылыми практикалық жұмысы 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап мектебімізде    жүзеге асырылуда. 

Жобаның мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу. Жоба концепциясы бойынша, жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу үшін білім беру ұйымдарының  тәрбие саласына жауапты бес маман бірлесіп , ұсынылған алгоритммен  жұмыс жасайды.  Олар , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог  және мектеп инспекторы. Осы мамандардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде кез келген оқушы өзін қауіпсіздікте және психологиялық тұрғыдан қанағаттанарлықтай сезініп деструктивті және аутодеструктивті әрекетке бару ықтималы төмендейді. 

Мектебімізде «Бес терек» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылды: 

Бірінші кезең:    Деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім оқушылардың тәуекел топтарын анықтау бойынша 5-11 сынып білім алушыларынан  желтоқсан айында кабинеттік талдау нұсқаулықтарымен далалық зерттеу жүргізуге арналған диагностикалық әдістер алынды. Жобаның бірінші кезеңі бойынша зерттеу жұмыстарына 5-11 сынып оқушылары аралығында – 954 оқушы қатысты. Тәуекел топтарын анықтауда кабинеттік талдау мен далалық зерттеу жұмыстарын  есеп жүргізуге арналған бірыңғай электрондық жүйеге енгізілді.  Нәтижесінде тәуекел топтарының деңгейі анықталды. Олар 

Жасыл тәуекел деңгейі – 846 оқушы; 

Сары тәуекел деңгейі- 59 оқушы 

Қызыл тәуекел деңгейі – 0

Екінші кезең:  Жобаның екінші кезеңі бойынша  2024 жылдың сәуір айынан бастап  «сары»   аймаққа енген білім алушыларға жеке жоспар әзірленіп бекітілді.  Қауіп деңгейіндегі  тәуекел тобына енген оқушылар мен  ата-аналарына   психокоррекциялық , профилактикалық және психологиялық ағарту жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив