Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 2023 жылғы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 2023 жылғы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы
26
желтоқсан
2023

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 2023 жылғы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ   БІЛІМ  БӨЛІМІНІҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 2023 жылғы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы
     Мұхтар  Әуезов  атындағы   мектеп-гимназиясының ғимараты  1974  жылы   пайдалануға  берілген. Жалпы  жобалық   сыйымдылығы -1568 орын.  Мектеп  ғимараты   типтік, үш қабатты, мектеп 3-ші   шағын  ауданда  орналасқан. Мектепте  46  оқу  кабинеті   бар,  оның  ішінде   16  ақылы  кабинет   жұмыс  жасайды.  Мектеп   қазақ  тілінде  білім   береді.  Жыл басында  1675 оқушымен бастап, қазіргі таңда 1678 оқушы білім алуда.   Мектепалды даярлық топтарын  129 оқушымен бастаса, бүгінгі күні 135 білім алушылар дәріс алуда. Барлығы 72 сынып, 1-4 сыныпта-31, 5-9 сыныпта-35, 10-11 сыныпта-5. Білім сапасы 1-тоқсан бойынша  65,1% , үлгерім сапасы 100%.
      Оқу үдерісінде қолданылатын компьютер саны-408, интерактивті  тақталы кабинет-25, 1 лингофонды-мультимедиалық  кабинет, 1 химия, 1 биология, 1 физик үш жаңа модификациялық   кабинет   бар. 1  компьютерге -5  оқушыдан   келеді. Мектеп-гимназия санитарлық гигиеналық талаптар  мен техника қауіпсіздігінің нормалары талаптарына сәйкес келеді. Мектеп оқушылар мен   ұстаздарының жұмыстануына толық жағдай жасалған. Көркем еңбек пәнін оқытуды ұйымдастыру қыздар және ер балалар үшін жеке-жеке жүзеге асырылады.Дене шынықтыру пәнін оқытуда арнайы спорттық құралдармен жабдықталған бір кіші, бір үлкен   спорт зал бар. 2023-2024 лқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары жыл басында ұжымға таныстрылып, бекітілді. Бекітілген жоспарға сай жұмыстар өз уақытында орындалуда. Жоспардың мақсат міндеттеріне сай білім мен тәрбиені қатар ұштастыра отырып, тәрбиелі де функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасқан білім алушыларды тәрбиелеу негізінде білім беру бағдарламасын тиісті деңгейде меңгертуге ықпал ету.
     Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының  басты бағыты-шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар мектебімізде кең көлемде жүргізілуде. 
     Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын  оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді маңызды  мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби  дайындығының сапасын өсіру  мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осындай міндеттерді жүзеге асыру жолында мектебіміз  биылғы оқу жылында «Білім берудің инновациялық технологияларын оқу-тәрбие  үрдісіне енгізе отырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту арқылы білім сапасын көтеру» тақырыбында  шығармашылық жұмыстар атқарылуда. 
Мектепішілік бақылауды тиімді басқаруды ұйымдастыру
     2023-2024 оқу жылына мектепішілік бақылау жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №68сәйкес жасалды. Мектепішілік бақылау МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарларының, Үлгілік оқу бағдарламаларының, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың, оқушылардың жеке істерінің және т.б. орындаған жұмыстарын тексеруді қамтиды.
    Мектепішілік басқару мен бақылау мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнды ұйымдастырылуын, оқушылардың білім сапасы мен дағдыларының қалыптасуы және білім, тәрбие берудің мемлекеттік саясатының жүзеге асуын қадағалайды. Оқу үдерісіндегі дұрыс және жүйелі түрде жүргізілген бақылау арқылы жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктері дер кезінде анықталып, түзетулер мен болжамдар жасауға негіз болады.
   Оқу жылының басында мектепішілік бақылау жоспары құрылып, бекітілді. Мектепішілік бақылау жоспары мектеп ұжымына таныстырылып, мұғалімдер бөлмесінде арнайы стендке ілініп тұрады. Мектепішілік бақылау төменде берілген 6 бағытта жүргізіледі. Жоспарға сай бақылау, зерделеу 
жұмыстарын мектеп әкімшілігі мүшелері командалық бойынша жүзеге асырады. 
І.Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау
ІІ. Оқу үрдісінің сапасын бақылау  
ІІІ.Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау
ІY.Оқу-зерттеу қызметі 
V.Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығы жағдайын бақылау
VI.Тәрбие үрдісінде өткізілген іс-шаралардың сапасн бақылау
   Барлық бағыттар бойынша бақыланатын жұмыстарға бұйрықтар шығарылып, қорытындысы мұғалімдер кеңесінде, директор жанындағы кеңесте талданып отырады.
Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жағдайы
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасындағы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету стандартын басшылыққа ала отырып, аз қамтылған, көпбалалы, күн көрісі төмен, қамқорлыққа алынған отбасы балаларының құжаттары жинақталып, тізімі бекітілді. 
      Қазіргі таңда ыстық тамақпен қамтылатын аз қамтылған, көп балалы оқушылар саны – 874 оқушы, 1-4 сыныптарда-602 оқушы, аз қамтылған отбасы бала саны-272. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар саны-36, қамқорлыққа алынған оқушылар саны-4, күн көрісі төмен отбасынан шыққан оқушылар саны-232. Мектеп асханасынан  I, II ауысым бойынша бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімдері, тамақтану уақыты, сабақ кестесімен сәйкестендіріліп жасалған. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету бағытында санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуы қадағаланып отырады.
    Мектеп әкімшілігі тарапынан тамақтандыруды ұйымдастырудың сапасына бақылау мен мониторинг жүргізу жөнінде арнайы комиссия құрылған. Аспазшы күніне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын алып отырады.
«Мектепке жол» акциясы
    «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының басталуына орай ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Акцияның басты идеологиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жаңа әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бара алмауының алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады. Мақсаты: Аз қамтылған отбасыларының оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық уақытында қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын-алу және қараусыз, қадағалаусыз қалған, жағдайы төмен отбасы мен мигранттар балаларын, сондай-ақ өзге де себептермен жүйелі түрде сабаққа келе алмау қаупі бар оқушыларды анықтау, көмектер көрсету.
   Акция барысында мектепке келе алмау қаупі бар балаларды анықтау үшін арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, ауданымыздың азаматтарын, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылуға және қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуге, сондай-ақ мектепке қол ұшын беруге шақырамыз деп үндеу хаттар таратылды. 
   2023-2024 оқу жылында қыркүйек айында сынып жетекшілердің берген мәліметтерін  қарай отырып, оқушылардың  әлеуметтік санаттары бойынша тізімдері анықталып, мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалынды. Мектепке келе алмау қаупі бар оқушыларды анықтау мақсатында әр сынып жетекшілерден мәліметтер жинақталды. Сол мәлімет бойынша оқушылар киіммен қамтамасыз етілді. Күн көріс деңгейі төмен, ата-анасы жұмыссыз отбасы балаларына көмек ретінде 316 оқушыға  (оқу-құралдарын, киімдер алу үшін) 1 балаға жасалатын демеушілік көлемі 40567теңге қаржылай көмек берілді. Мектеп ұжымы тарапынан және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 36 оқушы киіммен және оқу құралдарымен қамтылды.  Оқу жылының барысында әлі де көмектер жалғасын табады. 
Үйден оқытылатын және ерекше білімді қажет ететін балалармен атқарылған жұмыстар
     2023-2024 оқу жылында  үйден оқытылатын және мектепте жеке қаралыммен оқытылатын білім алушылардың Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Талас ауданының ведмствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі берген қорытындылары мен Сарысу аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындылары  жинақталып оқушылардың тізімі жасалынды.
       2023-2024 оқу жылында үйден оқытуға және жеке қаралыммен оқытылу үшін аудандық білім бөліміне сұраныс беріліп, бұйрықтары шығарылып отырды. 
Биылғы оқу жылында «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығын басшылыққа ала отырып жылдық жұмыс жоспары жасалды. Психологиялық-педагогикалық қолдау қағидаларының ережесі бекітіліп, ережені  басшылыққа ала отырып, жұмыс істеу үшін мектеп психологтары, мектептің әлеуметтік педагогтарына таныстырылып, мектеп директоры тарапынан психологиялық-педагогикалық қолдау құрамын бекіту туралы бұйрығы шығарылды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының жылдық жоспарына сай жұмыстар атқарылып келеді.   Барлық оқушылардың ПМПК қорытындыларында көрсетілген диагноздарына сәйкес оқу бағдарламалары алынып, тиісті пәндерден сабақтар өткізілуде. Барлық оқушылардың ата-аналары сабақ кестесі, оқу бағдарламаларымен таныстырылды. Барлық оқушыларға инклюзивті білім беру курстарынан сертификатталған мұғалімдер сабақ береді. Баланың дамуындағы кемшіліктерді түзету мақсатында оқу жоспарында аптасына 2 сағат түзету сабақтары   жүргізіледі. Сабақ күндері, саны оқу сабақтарының ұзақтығы мен реттігі оқушының нервтік-психологиялық жағдайы ескеріле отырып, бастауыш сынып оқушылары үшін аптасына 8 сағаттан, негізгі және орта білім беру сапасы үшін аптасына 10 сағат болады. Осы негізге сүйене отырып, денсаулығына байланысты үйден оқушылардың сұраныстарды аудандық білім бөліміне беріліп, сағаттар бөлінді.12 оқушының анықтамасы бойынша жеке мұғалімдер бөлінді. Бастауыш сынып бойынша-3 оқушы, орта буын бойынша – 6, жоғары буында -1 оқушы. Жалпы бағдарлама бойынша – 5 оқушы. Үйде тегін оқытуды мектеп әкімшілігі бекіткен жеке жоспар мен кесте бойынша мұғалім жүргізеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бағдарламаны құрастыруда мұғалім баланың жеке, жас ерекшеліктерін деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы білім беру ұйымдарына арналған үлгілік бағдарламаларға сүйене отырып жасады. Осы негізге сүйене отырып, үйден оқытылатын мұғалімдердің жұмыс барысы тексерілді. Мектепте денсаулығына байланысты 12 оқушы үйден оқытылады. Мектеп психологы Боранбаева Гулзираның ұйымдастыруымен психологиялық тренингке ата-аналар мен оқушылар қатыстырылды. Математика және информатика және бастауыш сынып пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес" тақырыбында кеш ұйымдастырылып өткізілді. 
Тәрбие-ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры
    Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.      
    Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын.   «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп,  жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылды. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. 
  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»-ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалды. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Біртұтас тәрбие бағдарламасының жұмыстары ұлттық мүдде, ар ұят, талап құндылықтары бойынша жүзеге асырылуда.
   Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жұмыс жүргізуде.
        Білім алушылардың  оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, білім алушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және оқушылардың пәндік дайындықтарын пысықтау мақсатында қараша айында 8-11 сынып 
оқушыларының арасында мектепішілік пән олимпиадасы өткізіліп, аудандық пән  олимпиадасына 
озық шыққан оқушылар іріктеліп,ауданға 33 оқушы жолдама алып,қатысты. Облыстық пән   олимпиадасына орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Амандос Нұрайлым І орын, Қазақстан  тарихы пәнінен 11-сынып оқушысы Елеубек Балнұр І орын, ағылшын тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Жиенбет Жанура І орын иеленген 3 оқушы облысқа жолдама алды. 
    Республикалық Ілияс Жансүгіровтің «Ілияс оқулары» атты конкурсынан 2«Е» сынып оқушылары Көшербай Дінмұхаммед және Төлепберген Әмина І орынды иеленді. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру – математика барлығы үшін» атты  интеллектуалдық конкурсқа мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары  Байларбек Әлинұр ІІІ орын, және Нұрғали Нұрсұлтан ІІ орын,   2 «Ғ» сынып,   4 «Г» сынып оқушылары Әбілда Талшын, Қалмақанұлы Мирастар қатысып, жүлделі 1-орындарға ие болды. Білім алушыларды ғылыми жоба жаздыруға үйрету және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаудағдыларын қалыптастыруға баулу 
мақсатында өткізілген «Зерде» ғылыми жоба байқауына қатысқан 4 «Ә» сынып оқушысы Мұқаш 
Аяжан аудандық кезеңнен І орын, облыстан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Облыстық "Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев" байқауында эссе бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Аман Нұрасыл ІІІ орын. Облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауынан 5-сынып оқушысы Балтабек Інжу ІІІ орын. Облыстық "Менің кіші Отаным" байқауында 9-сынып оқушысы Сәрсенбай Диас ІІІ орын. Облыстық ғылыми жобалар байқауында 11-сынып оқушылары Мейірбек Ақжол І орын, Шымырбай Нұрай  ІІІ орын иеленді. Облыстық "Ежелгі қолөнер бұйымдарын қайта жаңғырту" байқауында 10-сынып оқушысы Даулен Алпамыс І орын, Маликов Абдрахман, Мырзахан Арайлым, Ануарбек Меруерт, Есенер Інжу, Зарлыхан, Аманбай Карима    І,ІІ,ІІІорындармен марапатталды. "7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиада" ауданнан І орын, облыстық олимпиада да 8-сынып оқушысы Төленбек Арнұр  ІІ орын. «Тамыры терең-Таразым» облыстық байқауында 8-сынып оқушылары Өтеубай Кәусар, Тәжібай Ақсәуле, Сейтжан Үміт алғыс хатпен марапатталды. Облыстық «Қасым Қайсенов ерліктеріне үздік композициялық иллюстрация» байқауында 10-сынып оқушысы Сайлау Еңлік ІІ орын иеленді. 
10-11 сыныптар арасында өткен «Алтын түлек» олимпиадасынан 11 сынып оқушысы Елеубек Балнұр қатысып, І орын иеленді. Аудандық   лингвистикалық олимпиада да 11-сынып оқушысы Кәрібек Нурзия І орын иеленіп, облысқа жолдама алды. 
  І жарты жылдықта мектеп оқушылары бірнеше өнер, спорттық байқаулардың, олимпиадалардың жеңімпаздары болды. Аудандық байқаудан 47 жүлделі орын, облыстық байқаудан 19 жүлделі орын, республикалық   байқаудан  10 алғыс хат,  «Кенгуру» халықаралық байқауынан 76  орын иеленді.
Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мектептегі оқу және тәрбие үрдісі  жұмыстық оқу жоспарына сай жүзеге асырылды. Білім алушылардың түрлі ізденіс-шығармашылық бағытындағы жұмыстар арқылы оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындау, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар нәтижелі жүргізілуде.Мектеп ұстаздарының алдында бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Осы орайда, әр мұғалім өз жұмысына жауапкершілікпен қарай отырып, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, жас жеткіншектердің логикалық ойлауын дамыту, заман талабына сай беленділігі мен көзқарастарын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық.
   Мұғалімдердің сапалық құрамына келетін болсақ, мұғалімдердің штаттағы жалпы саны-158, оның ішінде 11-і бала күтіміндегі демалыста. Жоғары білімді-137 (93,1%), арнаулы орта білімді-10 (6,8%), жоғары санатты-1(0,6%), педагог-зерттеуші-32(21,7%), педагог сарапшы-41(27,8%), екінші санатты-5(3,4%), педагог-модератор-33(22,4%), педагог-35(23,8%). Біліктілік санаты бар мұғалімдердің сапалық құрам 76,1%-ды құрайды. 
      2023-2024 оқу жылында біліктілік санатын көтеруге өз өтініштерін берген педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30желтоқсандағы №533 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)
қағидалары» ережесіне сай 2023-2024 оқу жылының қыркүйек айынан бастап біліктілік санатын көтерген мұғалімдер саны-21.Оның ішінде педагог-зерттеуші-8 мұғалім, педагог-сарапшы-9
мұғалім, педагог-модератор-4 мұғалім. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, біліктілік санаттарын көтерулеріне байланысты қосымша ақы төлеу туралы  бұйрық шығарылып, тарификациялық тізімге енгізілді.
    2023 жылдың тамыз айында өткен педагогикалық кеңесте биылғы оқу жылында кезекті біліктілік санатын көтеретін педагогтардың тізімі бекітілді, алайда аттестаттаудан өтудің жаңа ережесіне 
өзгерістер енгізілуге байланысты кезегі келіп тұрған педагогтардың ПББ тестілеуінің уақытша тоқтатылуына байланысты біліктілік санаттарының мерзімін қаңтар-мамыр айларына дейін  созу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы басшылыққа алынып, мектепішілік бұйрық шығарылды. 
     Кадрлардың біліктілігін арттырудың 3 жылға арналған перспективалық жоспарына сай педагогтар өз білімдерін курстарға барып арттырып отырды. Биылғы жылдың өзінде 20 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтті.
 Әдістемелік бірлестіктің жетекшілер оқу жылының басында тағайындалды. Мектепте 9 пән                         бірлестігі жұмыс атқарады.
 
     Пән бірлестіктердің жоспарлары мен пән айлықтарының уақыты жыл басында бекітіліп, жоспарға сай пән айлықтары өткізіліп отырды. Пән айлықтарында десант сабақтар, ашық сабақтар, ашық есік күндері жоспарланып, сабақтарға ата-аналар қатысып отырды. Сонымен бірге мектепішілік семинар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізіліп отырды. Сонымен бірге айлық кезінде серіктес мектептерге әдістемелік десант ұйымдастырылып, семинар-практикумдар өткізіліп отырады. Біздің мектепке серікте ретінде Жайлаукөл ом және Жаңаталап ом бөлінген. Жетекші мектеп ретінде серіктес мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. 
    Мектебімізде «Ізденіс», «Зерде», «Қазына», «Жас талап» шығармашылық  топтары жұмыс жасайды.
        Биылғы оқу жылында екі жас маман және әрқайсысына мектепішілік бұйрықпен тағайындалған тәлімгер ұстаздармен бірлескен түрде жұмыс атқарылып келеді.
«Ізденіс» шығармашылық топ мүшелері мектеп магистранттарынан құрылған. Мақсаты: 
«Қазына» шығармашылық тобының мүшелері педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы біліктілік санаттары бар ұстаздардан тұрады. «Үздіктен үйрен» жобасы аясында жұмыс жасай отырып, мектепішілік, аудан көлемінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
   «Зерде» шығармашылық топ жұмысының мақсаты оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту,ғылыми ізденудін әдістерін оқыту,  шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын 
жүргізу. Осыған орай мектебімізде ғылыми жоба байқауы ұйымдастырылып отырады. Мектепішілік байқаудан үздік танылған білім алушылар аудандық, облыстық байқауларға қатыстырылады.
  «Жас талап» шығармашылық топ жұмысының мақсаты жас мамандарға әдістемелік көмек беру. Жылдық жоспарға сай мектебіміздегі жас мамандарға әдістемелік көмектер, психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, тәлімгерлік көмектер беріліп отырады. Биылғы оқу жылында жаңадан келген жас мамандар физика пәні мұғалімі М.Рахметбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ү.Малхарова, тарих пәнінің мұғалімі Б.Жакешовтерге  тәлімгерлер бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мектеп ұстаздарының іс-тәжірибелерін насихаттай отырып, білім сапасын арттыру және жұмысты жаңаша бағытта жүргізуде әдістемелік орталық жұмыс жасайды.Әдістемелік жұмыстың тақырыбы: Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту».
Мақсаты: 1.Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын оқыту мен оқу үдерісін енгізіп, жетілдіру. 
2.Шығармашылық топтардың өз жұмыстарында жаңа жүйені енгізуң және мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін,   шеберлігін дамыту.  
    Оқу жылының басында бекітілген жоспар негізінде толық жұмыс жүргізілуде. Мұғалімдерге әдістемелік көмек бағытында мектепішілік 6-семинар, аудан көлемінде 3-семинар, облыс көлемінде 
бір іс-тәжірибемен бөлісу(zoom  арқылы) өткізілді. 
    «Жаңа оқу жылының ерекшеліктері», «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары», «Құжаттарды  
жүргізудің талаптары», «Сабақта пәнішілік және пәнаралық байланыс орнатудың тиімділігі», «Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі», «Лессон стади-сабақты зерттеу» тақырыптарында өтті. Шығармашыл, зерттеуші, сарапшы ұстаздар өз тәжірибелерін тарату мақсатында жас мамандарға «ҚМЖ құрастыру жолы», «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыптарында коучинг, шебер сыныптар ұйымдастырылып отырды. Жас мамандар өздеріне іс-тәжірибе жинақтап, қоржындарын толтырды. «Lesson Study» зерттеу сабақтары 6 «В»,7 «Г» сыныптарында өткізілуде.Зерттеу сабақтарының тиімділігі бірлесе топтық жұмыстар жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасалады. Сонымен қатар мұғалімдеріміз оқу жылы барысында өздерінің кәсіби құзіретті, шығармашыл ұстаз екендерін қол жеткізген жетістіктерінен көрсете білді. 
   Атап айтсақ, мектеп директоры Сарсекова Кенжекүл Дүйсенбекқызы облыстық мектеп директорларына арналған «Парасатты басшы» кәсіби байқауына қатысып, «Шығармашыл басшы» номинациясын иеленіп, дипломмен марапатталды. Облыстық мектеп басшыларына арналған дебат байқауында «Үздік спикер» номинациясын иеленсе, республикалық Қ.Бітібаева атындағы «Жыл директоры» кәсіби байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІІ орын иеленіп, жеңімпаз атанды. 
      Мектеп басшысы Сарсекова Кенжекүл Дүйсенбекқызы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
        Мұғалімдер авторлық бағдарлама дайындау бағытындағы жұмыстарды атқаруда белсенділік танытып келеді. Аудан көлемінде өткен «Авторлық бағдарлама» байқауына АӘД пәні мұғалімі Т.Абдиров ІІ орын, педагог-психолог Г.Боранбаева, көркем еңбек пәнінің мұғалімі  К.Ошақбаева мен музыка пәнінің мұғалімі Ж.Қоңырбекова аудан көлемінде І орынды иеленсе, облыстық байқауға  қатысып, ІІІ орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
    «Үздік жыл психологі» аудандық байқауда І орын иеленген мектеп психологі Боранбаева Гульзира облыстық байқауға қатысып, ІІІ орын иеленді.
      Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл ұстаздарды анықтай отырып, аудандық «Үздік педагог-2023» байқауына үздік деп танылған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Гульжан Кенжебекқызы ұсынылып, ауданнан бас жүлде иеленді. Облыстық кезеңнен «Шығармашыл мұғалім» номинациясын иеленіп, дипломмен марапатталды.
        Мектептің оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі жүруі үшін алдағы уақытта мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары аянбай еңбек етеді. Алда өтетін кәсіби байқауларға белсенді қатысып, жоспарға сай жұмыстарды жүйелі жүргізу жалғасын табады.


























Похожие публикации:

24 сәуір 2023 «Үздік спикер»
25 қыркүйек 2023 «Жыл директоры»
25 тамыз 2023 Марапаттау
30 желтоқсан 2022 Әдістемелік жұмыстар
10 қыркүйек 2016 Мектептің тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив