29
наурыз
2023
2023-2024 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау
❗️ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2023-2024 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
♦️Өтінішті ата-аналардан қабылдау egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
📌Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
📎ата-ананың өтініші;
📎баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
📎«Бала денсаулығы паспорты» 026/e- нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
📎065/e нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
📎баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.