16
ақпан
2023
"Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу"
Математика-информатика пәні мұғалімі Кобжасарова Мадина Рысқұлбекқызы, 5 "Е" сыныбымен "Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу" атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Оқушылар бір-біріне сәттілік тіледі, "Санға қарап сөйлейміз" әдісі арқылы ережелер сұралды. Үй тапсырмасы "Сен маған, мен саған" әдісі арқылы тексерілді. Сабақтың өң бойында топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, тақтамен жұмыс көрініс алды. "Планшет" әдісімен топтық жұмыс жасалды, таратпа материалдармен теңдеу, ондық бөлшектерді салыстыруды шығарды. Жас ерекшеліктеріне қарай сергіту сәтін жасады. Соңында ең көп балл жинаған оқушыны, алтын медальдармен марапаттады. Сабақ өз мәресіне жетіп, өте жақсы деңгейде өтілді.








