"Оқуға құштар мектеп" » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2023

"Оқуға құштар мектеп"

#Оқуға құштар мектеп
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназия кітапханасы мен бастауыш сынып бірлестігінің  ұйымдастыруымен ақпан айының 10-шы жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ең үздік оқырман сынып" атты байқау 4 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың білімге құштарлығын ояту және оқу сауаттылығын дамыту, кітап оқуға қызықтыру, кітапханаға тарту, рухани мәдениетін көтеру, өзінің оқыған кітабын басқаға ұсынып насихаттау.
Кітап- адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап-біздің ақылшымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ұлы Абай атамыз "Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге"деген мағыналы сөз қалдырған. Жазушылар кітаптың маңызы туралы көп жазған. Біздің мектепте кітапты қызығып, сүйіп оқитын оқырмандар көп.
Байқау 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлім "Маған ұнаған..."
2-бөлім "Өзекті дәйексөз"
3-бөлім "Оқыңыз- айтыңыз"
4- бөлім "Өлең мазмұнында кездескен дауыстар"
5-бөлім " Біз оқимыз және сурет саламыз"- әдеби шығармадағы ең жақсы сурет.
6-бөлім "Букфист". Үй жұмысы буклет дайындау.
Байқаудың үздік оқырмандары 4 мезгіл бойынша топқа бөлінген.
4 "А" сыныбы- Қыс мезгілі тобы.
4"Ә" сыныбы- Көктем мезгілі тобы.
4 "Б" сыныбы- Жаз мезгілі тобы.
4"В" сыныбы- Күз мезгілі тобы.
Оқырмандардың бойындағы өнері мен шығармашылығын дамыта отырып, "Біз оқимыз және сурет саламыз" бөлімінде өзінің оқыған көркем әдебиеттерінен ұнаған кейіпкерлердің суретін салды. Байқауға қатысушы оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары бойынша жылдың төрт мезгілін плакатқа сызбамен қорғап, кітап оқығанның көп пайдасы бар екенін дәлелдеп айтты.
Осы байқауда ерекше көзге түскен үздік оқырмандар 4"А"сынып оқушылары Қайрат Аяжан, Балтабай Інжу, Мырзақұл Дастан 4"Ә" сынып оқушылары Әмреқұл Медина, Еркін Асылай, 4 "Б" сынып оқушысы Теміржанұлы Саян, 4"В" сынып оқушысы Оразтай Айгерім. Байқау соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ермекбаева сөз сөйлеп қорытындылап сыйлықтар, алғыс хаттар мен марапаттады.
Жоба жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Д.Жакупова. 
Кітап оқып рухани бай болайық!



Похожие публикации:

27 қаңтар 2023 "Кел,бірге оқиық!"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив