09
ақпан
2023
"М.Мақатаев оқулары"
"Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан"
"Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім"деп Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.
Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек.
Баланы заман талабына қарай көрегендіктен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.
Сондай дарынды оқушының бірі-Жаңатас қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 9- сынып оқушысы Қыдырбай Толғанай ."Оқуға құштар мектеп" жобасы бастау алғаннан бері, Толғанай көркем шығармаларды, поэзияларды жатқа оқу арқылы дүниетанымы кеңейіп, мектеп, аудан кітапханаларының сүйікті оқырманына айналды. Әр оқу жылының соныңда ең көп кітаптар оқып"Үздік оқырман" атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталып келеді.Дарынды оқушы Толғанай өзінің зеректігін қамшылап, 2020-2022 жылдары байқауларға қатысып, жеңістермен оралуда.
"XXIII республикалық Абай оқуларына" облыс көлемінде Абайдың 45 қара сөзін жатқа оқып, жүлделі l орынмен, Семей қаласында өткен республикалық байқауда қанжығасына жүлделі II орынды иеленіп қайтты. Сондай іс-шаралардың бірі "Табиғатты сүйемін"тақырыбында өткен облыстық байқауда жүлделі II орынды жеңіп алды. 9-ақпан облыста өткен "Мұқағали оқулары" байқауында "Айтып өткен ақында арман бар ма?"номинациясы бойынша бағын сынап жүлделі lllорынды жеңіп алды.
Құтты болсын Толғанай!
Гульжан Тулебаева
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.