02
ақпан
2023
"Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 31-ші жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай "Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі" атты танымдық ақпарат 6"В" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты:Оқырмандарға Сұлтан Бейбарыс шығыс пен батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне,мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне, ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру. Бабамыздың өз елінде емес,өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін іс. Ерлігін,батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету арқылы насихаттау.
Бейбарыс - мәмлүктердің ұлы әскери және мемлекет қайраткері.1217 жылы Еділ (Жайық) өзені бойында дүниеге келіп, 1277 жылы Дамаск қаласында қайтыс болған. 1260-1277 жылдары Мысырды(Египет) билеген. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде қыпшақ тайпасының беріш руынан шыққан жас Бейбарыс қолға түсіп, құлдыққа сатылған.Бейбарыс ержүректігімен көзге түсіп,сұлтан Салиh Нажимиддин жасағында сардар болады. Крест жорықтарына қарсы шыққан Мысыр әскеріне қолбасшылық етеді. Бейбарыс 1258 жылы бүкіл Сирия мен Мысырды бағындыруға ұмтылған. Хулагуге қарсы жорықты басқарған.Бейбарыстың басқаруын қалаған сұлтан Мұзаффар Сайфуддин Кұтұз.1260 жылы
3 қыркүйекте Бейбарыс бастаған мәмлүктер Хулагу әскерін Айн-Жалут түбінде тас талқан етіп жеңеді.Бейбарыс Кұтұзды өлтіріп,1260 жылы Мысыр сұлтаны болады.
2023 жылы Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы өтеді.