01
маусым
2022
"Біз бақытты балдырғанбыз!" тақырыбында мектеп жанынан ұйымдастырылған сауықтыру лагерінің ашылуы
1маусым 2022 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында "Балалар жылы" және 1- маусым балаларды қорғау күні аясында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Біз бақытты балдырғанбыз!" тақырыбында мектеп жанынан ұйымдастырылған сауықтыру лагерінің ашылуы өтті. Мерекелік іс-шараға Сарысу ауданының әкімінің орынбасары Н.Нұралиев пен Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы И.Баймағанбетов қатысты.




